Cyber4CA жобасы аясындағы халықаралық тренинг Мадрид қаласында басталды

2026 жылғы 15 маусымда Испанияның Мадрид қаласында Erasmus+ бағдарламасының Cyber4CA жобасы аясында профессор-оқытушылар құрамына арналған бес күндік халықаралық тренинг өз жұмысын бастады. Іс-шара 15–19 маусым аралығында Мадрид политехникалық университетінде өтеді.

Халықаралық тренингке жоба серіктестері, жоғары оқу орындарының, мемлекеттік ұйымдардың өкілдері және киберқауіпсіздік саласының сарапшылары қатысуда. Іс-шараның негізгі мақсаты — заманауи киберқауіпсіздік білімін дамыту, озық педагогикалық тәжірибелермен алмасу және тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламаларын жетілдіру.

Тренингтің алғашқы күні ресми ашылу рәсімімен басталды. Іс-шара барысында Cyber4CA жобасының мақсаттары мен міндеттері, ынтымақтастықтың басым бағыттары және Орталық Азия елдерінде киберқауіпсіздік саласы бойынша жоғары білікті мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

Бағдарлама аясында Мадрид политехникалық университетінің киберқауіпсіздік бойынша магистрлік бағдарламасы, оқыту әдістемесі, білім беру инфрақұрылымы және практикалық зертханалық мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар қатысушылар университеттің оқу және ғылыми-зерттеу қызметін қолдайтын заманауи зертханаларымен және техникалық ресурстарымен танысты.

Тренинг барысында IoT және бұлттық технологиялар қауіпсіздігі, фишингтік қауіптерді анықтау, киберқауіпсіздік бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, криптография, практикалық зертханалық сабақтарды ұйымдастыру және CyberLab инфрақұрылымын дамыту бағыттары бойынша дәрістер, практикалық сабақтар және сараптамалық талқылаулар өткізіледі.

Аталған халықаралық тренинг жоба серіктестері арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, озық халықаралық тәжірибені зерделеуге және киберқауіпсіздік білімін заманауи цифрлық еңбек нарығының талаптарына сәйкес дамытуға ықпал етеді.

Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *